Accessibility links

Бішкекте қырғыз-қазақ бизнес форумы өтеді


Қазақстан мен Қырғызстан тулары (Көрнекі сурет).

Қазақстан мен Қырғызстан тулары (Көрнекі сурет).

Бішкекте бүгін Қырғызстанның сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанның Kaznex Invest экспорт және инвестиция агенттігі ұйымдастырған қырғыз-қазақ бизнес форумы өтеді.

Форумға Қазақстан делегациясы құрамында машина жасау, азық-түлік, фармацевтика және химиялық өнімдер саласы бойынша 26 компания қатысады деп жоспарланған. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, форумға Қырғызстан жағынан жүзге тарта компнаия қатысады.

Екі ел кәсіпкерлері осымен бесінші рет форум өткізіп отыр. Бұған дейінгі форумдардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 28 миллион доллардың келісім шарты жасалған. Қырғызстан сауда-өнеркісіп палатасының мәліметінше, 2015 жылы Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 472 миллион доллар болған.

XS
SM
MD
LG