Accessibility links

Тәжікстанда ТИҚП мүшесі рақымшылықпен түрмеден босады


Зарафо Рахмони, Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясының мүшесі.
Зарафо Рахмони, Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясының мүшесі.

Тәжікстанда тыйым салынған Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясының (ТИҚП) мүшесі Зарафо Рахмони түрмеден босап шықты. Бұл туралы бүгін Азаттықтың Тәжік редакциясына хабарлаған Зарафо Рахмонидің ұлы Махмад анасының 5 қыркүйекте босағанын, қазір үйінде екенін айтты. Ұлының айтуынша, Зарафо Рахмонидің денсаулығы нашар, сондықтан ол біраз уақыт емделуі тиіс және содан кейін ғана журналистермен кездесе алады.

Бұған дейін әділет министрлігінің қылмыстық жазаны атқару бас басқармасында Зарафо Рахмонидің рақымшылықпен бостандыққа шығуы мүмкін екенін хабарлаған. Рақымшылыққа ілінуіне оның 2 жылға ғана сотталып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуі және кәмелетке толмаған төрт баласының бары ескерілген.

Тәжікстандық заңгер әрі адвокат Абдукаюм Юсуфов бұған дейін Азаттыққа Зарафо Рахмониға заң талаптарына сай рақымшылық жасауға болатынын айтқан.

ТИҚП-тың құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болған Зарафо Рахмони өткен жылы партияның жоғары шенді 13 мүшесімен бірге ұсталған. Оларға қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзоданың тобымен жұмыс істесті және өткен жылғы қыркүйекте болған бүлікке қатысы бар деген айып тағылған. Биыл маусымда Зарафо Рахмониден басқа ТИҚП мүшелері ұзақ мерзімге сотталған.

XS
SM
MD
LG