Accessibility links

Розенблюм: Өзбекстан үшін өтпелі кезең - жаңа жол табуға оңтайлы сәт


Даниель Розенблюм, АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары

Даниель Розенблюм, АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Даниел Розенблюм Өзбекстан АҚШ-пен қарым-қатынас тұрақты болып қалғанын қалайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ташкентте Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Комиловпен кездесуден соң айтты.

Розенблюм Өзбекстанға өткен аптада президент Ислам Каримов қайтыс болғаннан бері бірінші рет сапарлап отыр.

"Мен Ташкентке АҚШ үкіметі атынан президент Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтуға және Өзбекстанмен әріптестігімізді өзгертпейтінімізді білдіруге келдім" деді Розенблюм журналистерге.

Оның сөзіне қарағанда, кез-келген елде басшының ауысуы күрделі нәрсе. "Бірақ мұндай өтпелі кезеңдер мемлекет үшін бейімделу және нығаю жолдарын табуға оңтайлы болады" деді АҚШ дипломаты.

Розенблюм АҚШ президенті Барак Обаманың "Өзбекстан тарихында жаңа кезең басталды және Вашингтон Өзбекстанмен әріптестікті, оның егемендігі, қауіпсіздігі мен барлық азаматтарының құқығын сақтауға мүдделі болып қалады" дегенін жеткізді.

Дипломат екі ел қарым-қатынасы мен әріптестігі алдағы жылдары кеңейіп, күшейеді деген үмітте екенін айтты.

XS
SM
MD
LG