Accessibility links

Қырғыз билігі "Қытай елшілігіне шабуылдағандарды" анықтады


Бішкектегі Қытай елшілігіне шабуылды ұйымдастырып, жасады деген күдіктілер.

Бішкектегі Қытай елшілігіне шабуылды ұйымдастырып, жасады деген күдіктілер.

Қырғыз билігі өткен айда Бішкектегі Қытай елшілігінде өзін жарып жіберген күдікті ер адамды анықтады. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) мәлімдеуінше, шабуылды Зоир Халилов есімді 33 жастағы этникалық ұйғыр жасаған. Халиловта Тәжікстан паспорты болған және ол "Шығыс Түркістан ислам қозғалысы" ұйымының мүшесі болған.

30 тамызда Бішкекте Қытай елшілігінде жанкешті жарылыс жасап, ресми мәлімет бойынша елшіліктің үш қызметкері жараланған. Мәліметтерге қарағанда, жанкешті "Мицубиси Делика" көлігімен елшіліктің батыс жағындағы брондалған қақпасын соғып кіріп, жарылыс құрылғысын іске қосқан. Жарылыстан жанкештінің көлігі талқан болып, техника қалдықтары жан-жаққа шашылған, женкештінің денесі де бірнеше бөлікке бөлініп кеткен.

МҰҚК мәліметіне қарағанда, қылмыс жасауды дайындауға қатысы бар деген күдікпен Қырғызстан мен Өзбекстанның бес азаматы ұсталған. Тағы төрт қырғызстандыққа халықаралық іздеу жарияланған. Арнайы қызмет терактіні Сирияда исламшыл содырлармен бірге соғысып жүрген бірнеше ұйғыр террористік топтары ұйымдастырған дейді.

XS
SM
MD
LG