Accessibility links

Әзербайжан жазушысын "бұзақылық жасады" деп айыптады


Акрам Айлисли, Әзербайжан жазушысы.
Акрам Айлисли, Әзербайжан жазушысы.

Әзербайжан жазушысы, өз еліндегі "армяндарды қыру" туралы жазған соң алты жыл бойы қысымға ұшыраған Акрам Айлислиді Баку прокуратурасы шақыртты. 2014 жылы Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсынылған драматург Азаттыққа өзіне қарсы "билік өкіліне қарсы күш қолдану" күдігімен іс қозғалғаны хабарлағанын айтты.

Әзербайжанның шекара қызметі "78 жастағы Айлисли 30 наурызда Баку әуежайынан Венециядағы әдебиет фестиваліне ұшуына кедергі келтірген шекара қызметкерлеріне күш қолданды" дейді. Айлисли айыпты теріске шығарып, "оның саяси астары бар" деп санайды.

Жазушы Баку мен Таулы Қарабахта 1990 жылдардың басында әзербайжандардың армяндарды жазалау науқанына арналған "Тасқа айналған армандар" (2012 жылы) романы шыққаннан кейін саяси қысымға ұшыраған. Шығармасы жарияланған соң жазушы "Әзербайжанның халық жазушысы" атағы мен президенттік зейнетақысынан айырылды. Оның шығармасы мектеп бағдарламасынан алынып тасталды. Ол сонымен қатар Әзербайжан жазушылар одағы қатарынан да шығарылды. 2013 жылы үкіметшіл партия Айлислидің құлағын кескен адамға 12 мың 700 АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындаған.

XS
SM
MD
LG