Accessibility links

Мәскеудегі өртте қырғыз әйелдерін құтқарған ресейлік марапатталды


Мәскеуде 27 тамызда баспаханада болған өрттен қаза тапқан әйелдер.
Мәскеуде 27 тамызда баспаханада болған өрттен қаза тапқан әйелдер.

Қырғыз билігі Мәскеудегі өрт кезінде қырғызстандық әйелдерді құтқарып қалған Ресей азаматы Юрий Лугвинді "Өрт кезіндегі ерлігі үшін" медалімен марапаттап, Қырғызстанға тегін саяхаттап қайтуды ұсынды. Қырғызстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Кубатбек Боронов ресейлікке марапатын 6 қыркүйекте беріп жіберді. Оған сонымен қатар алғыс хат пен Қырғызстан парламенті атынан қымбат сағат жолданып, осы күндері Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынына құрметті қонақ ретінде шақыртылды.

24 жастағы Юрий Лугвин 27 тамызда Мәскеуде баспаханада болған өрт кезінде бірнеше адамды құтқарып қалған. Өрттен 17 адам, соның ішінде 14 қырғызстандық әйел қаза тапқан. Лугвин бір өзі өрттен екі әйелді құтқарып, тағы бір әйелдің құтқарылуына көмектескен. Лугвин өзін қаһарман деп санамайтынын, себебі кез-келген адам мұндай жағдайда өзі сияқты әрекет жасайтынын айтты. Ол сонымен қатар барынша көп адамды құтқарып қала алмағанына өкініш білдірді.

XS
SM
MD
LG