Accessibility links

"Союз ТМА-20М" экипажы Жезқазғанға қонды


Ресей ғарышкерлері Алексей Овчинин (солдан оңға қарай) мен Олег Скрипочка және NASA астронавты Джеффри Уильямс.
Ресей ғарышкерлері Алексей Овчинин (солдан оңға қарай) мен Олег Скрипочка және NASA астронавты Джеффри Уильямс.

"Союз ТМА-20М" ғарыш кемесінің халықаралық экипажы Қазақстан территориясына сәтті қонды.

Ресей ғарыш агенттігінің ұшуларды бақылау орталығының мәліметінше, "Роскосмос" ғарышкерлері мен NASA астронавты бар "Союз ТМА-20М" кемесінің капсуласы Қарағанды облысының территориясына, Жезқазған қаласынан 148 километр қашықтыққа қонған. Экипаж Халықаралық ғарыш станциясында 172 тәулік болған.

"Роскосмостың" хабарлауынша, ғарышкерлер Алексей Овчинин, Олег Скрипочка және NASA астронавты Джеффри Уильямс отырған аппарат белгіленген ауданға 7 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 7:14-те қонған.

"Роскосмос" осымен ТМА-М сериялы "Союз" ғарыш кемелерін ұшыру тоқтайтынын айтады.

XS
SM
MD
LG