Accessibility links

Жоғарғы сот Сәкен Тулбаевтың үкімін өзгертпеді


"Діни араздықты өршітті" деген айыппен сотталған Сәкен Тулбаев. Алматы, 28 мамыр 2015 жыл.
"Діни араздықты өршітті" деген айыппен сотталған Сәкен Тулбаев. Алматы, 28 мамыр 2015 жыл.

Қазақстан жоғарғы соты "діни араздықты өршітті" және "Таблиғи жамағат" діни ұйымына мүше болды" деген айыптармен сотталған Сәкен Тулбаевтың сот үкіміне берген шағымын қанағаттандырмады. Қазақстандық заңдылықты сақтау және адам құқығы халықаралық бюросының хабарлауынша, жоғарғы сот шағымды 6 қыркүйекте қараған.

2015 жылы шілдеде Алматының Бостандық аудандық соты қала тұрғыны Сәкен Тулбаевты төрт жыл сегіз айға соттаған. Тулбаев өзіне тағылған айыпты мойындамай, сот үкіміне шағымданған. Өткен жылы қыркүйекте Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы Тулбаевтың шағымын қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырған.

Бұған дейін айыбын мойындамаған Тулбаев тергеушілер "пәтерінен табылды" деген үнпарақтарды арандатушылық деп атаған.

Қазақстанда "Таблиғи Жамағат" діни ұйым қызметіне тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG