Accessibility links

Apple компаниясы iPhone смартфонының жетінші моделін таныстырды. iPhone7-де фотокамера линзасы бар. Жаңа линза қарапайым суретке тартуға және нысанды орталықтан таңдап түсіруге мүмкіндік береді.

iPhone7-де енді аудио кабельге арналған тесігі жоқ. 7 қыркүйекте Сан-Францискода жаңа гаджетті таныстырған компания басшысы Тим Кук аудио кабель қосатын жері болмағандықтан iPhone7-ге "енді мүлде шаң кірмейтінін және су өтпейтінін" айтты. Жаңа модельде әуенді енді сымсыз құлаққаппен тыңдауға болады.

Кук сонымен қатар Apple Watch сағатының GPS жүйесі орнатылған және су өткізбей қасиеті жоғарылатылған екінші үлгісін таныстырды. Apple сағатымен су астында да қолдан шешпей камераға түсіре беруге болады. Жаңа Apple Watch-қа Pokemon Go ойыны орнатылған.

XS
SM
MD
LG