Accessibility links

Қырым татарларының белсендісі психиатрлық ауруханадан шықты


Ильми Умеров, Қырым татарлары меджлисі төрағасының бұрынғы орынбасары.
Ильми Умеров, Қырым татарлары меджлисі төрағасының бұрынғы орынбасары.

Қырым татарларының белсендісі Ильми Умеровтың туыстары оның Қырымдағы психиатрлық ауруханадан шығарылғанын хабарлады. Қырым татарлары меджлисі төрағасының бұрынғы орынбасары Умеровке Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын жария түрде айыптаған соң биыл мамыр айында сепаратизм айыбы тағылған. Тамыз айында оны психиатрлық ауруханаға бір ай емделуге жіберген.

Умеровтің адвокаттары мен туыстарының айтуынша, белсендіні 7 тамызда босатқан. Адвокаттары жүрек-қан тамырлары жүйесі ауыратын, диабет және Паркинсон дертіне шалдыққан Умеровті кардиологиялық орталыққа ауыстыруға күш салатынын айтады.

Құқық қорғау ұйымдары Ресей қолдайтын Қырым билігін Умеровке тағылған айыпты жойып, тиісті медициналық көмек көрсетуге шақырады. Мәскеуде орналасқан "Мемориал" құқық қорғау ұйымы Умеровке тағылған айыпты заңсыз және саяси астары бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG