Accessibility links

ҰҚК: Бішкекте терроризм күдігімен ұсталған адам Қазақстан азаматы емес


Астанадағы ҰҚК ғимараты (Көрнекі сурет).

Астанадағы ҰҚК ғимараты (Көрнекі сурет).

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Бішкекте террористік ұйымға мүше деген күдікпен ұсталған Шамо Мамедовтің Қазақстан азаматы емесін мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Кеше Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) 2 қыркүйекте Бішкекте арнайы операцияда 28 жастағы Шамо Мамедов есімді Қазақстан азаматы ұсталды деп хабарлаған. МҰҚК мәліметінше, ол халықаралық террористік ұйымға мүше және Сириядағы әскери іс-қимылдар аймағына содырларды аттандырып отырған деген күдікке ілінген.

"Қырғыз журналистерінің ұсталған күдіктінің Қазақстан азаматы екені туралы хабары шындыққа сай емес. Шынтуайтында ол Қырғызстан паспортын пайдаланып, біраз уақыт Алматыда тұрған. Миграциялық заңды бұзғаны үшін ол биыл наурыз айында сот шешімімен Қазақстаннан Қырғызстанға шығарылған. Ал оның халықаралық террористік ұйымдармен байланысы бары туралы ақпарат қырғыз арнайы қызметіне берілді" деген ҰҚК өкілі.

XS
SM
MD
LG