Accessibility links

Сот "Нұр Отан" көлігі қатысқан жол апатына "айыптыны" анықтады


Мирлан Жұмағалиев.

Мирлан Жұмағалиев.

Батыс Қазақстан облысының апелляциялық соты Мирлан Жұмағалиевқа қатысты Орал қалалық сотының бұған дейінгі шешімін өзгеріссіз қалдырды. «Нұр Отан» партиясының қызметтік көлігі жол апатына түсіп, ол оқиғаға жергілікті тұрғын Мирлан Жұмағалиев айыпталған еді.

Жол апаты биыл шілденің 5-і күні болған. Мирлан Жұмағалиевтің айтуынша, ол жеңіл көлігімен бағдаршамның жасыл жарығы жанып тұрғанда өтіп бара жатқан кезде облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Құлжанованың баласы Данияр Құлжанов жүргізіп келе жатқан көлік келіп соққан.

Апаттан Жұмағалиев "жабық бас-ми, кеуде жарақаттарын" алып, ауруханада бір апта емделген. "Жәбірленуші екендігіме сенімді болдым" дейді Мирлан Жұмағалиев.

Ал жергілікті полиция өкілдері жол апаты болған маңдағы сауда үйінің бейнекамерасына сол уақытта түскен бейнежазбаны көрсетіп, Жұмағалиевті айыпты деп танып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салған. Алайда Мирлан Жұмағалиев "Данияр Құлжановтың партияның көлігін жүргізуі заңсыз және ол бейнетаспада бағдаршамның жарығы да, көліктің маркасы да көрінбейді" дейді.

Данияр Құлжанов партия көлігін жүргізудің еш заңсыздығы жоқ деп есептейді. Ол жол ережесін бұзбағанына да сенімді.

Мирлан Жұмағалиев бұл сот шешімімен келіспейтінін, одан ары жоғарғы сотта өз құқын қорғайтынын айтады.

XS
SM
MD
LG