Accessibility links

Ташкент Бішкекке ұсталған радиостанция қызметкерлерін қайтарды


Унгар-Тоо тауындағы радиостанция.
Унгар-Тоо тауындағы радиостанция.

Өзбекстан Қырғызстан шекарашыларына екі аптадан астам уақыт бұрын ұсталған, Унгар-Тоо тауында орналасқан радиореле станциясының төрт қызметкерін табыстады. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясына Қырғызстанның Жалал-Абад облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Женишбек Жоробеков айтты.

Станцияның төрт қызметкерін қайтару туралы шешім тараптардың екіжақты келіссөзі нәтижесінде қабылданған. Келіссөзге Қырғызстан ішкі істер министрлігі мен мемлекеттік шекара қызметінің облыстық басқармалары, аудандық бөлімдерінің басшылары қатысқан.

22 тамызда шекараның даулы аймағындағы Ункур-Тоо тауында орналасқан ретрансляция станциясына жақын Ми-8 тікұшағынан Өзбекстан ішкі істер министрлігінің бірнеше қызметкері түсірілген. 24 тамызда Қырғызстан шекара қызметі станцияның төрт қызметкерін Өзбекстанның Янгикурган аудандық ішкі істер бөліміне алып кеткенін хабарлаған. Өзбекстан Қырғызстанмен арадағы даулы шекара бөлігін өзінің территориясы" деп, онда ұстаған төрт қырғыз азаматын "Өзбекстанға заңсыз кірген" деп атаған.

Женишбек Жоробеков Өзбекстан станция қызметкерлерін босатқанда ешқандай талап қоймағанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, қалған барлық мәселені үкіметаралық комиссия шешеді.

"Алдын ала ақпаратқа қарағанда, станция қызметкерлеріне қарсы шекараны заңсыз кесіп өтті деген айыппен қылмыстық іс қозғалып, айыппұл салынды. Сот шешім шығарған соң олар қайтарылды" деді Жоробеков Азаттықтың Қырғыз редакциясына.

XS
SM
MD
LG