Accessibility links

Мәскеу Bellingcat-тың әскери марапат туралы есебіне жауап берді


Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу (ортада) "Армия-2016" әскери-техникалық форумының ашылуында сөйлеп тұр. Мәскеу облысы, 6 қыркүйек 2016 жыл.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу (ортада) "Армия-2016" әскери-техникалық форумының ашылуында сөйлеп тұр. Мәскеу облысы, 6 қыркүйек 2016 жыл.

Ресей қорғаныс министрлігі 2014-2016 жылдары ел армиясында бұрынғы жылдармен салыстырғанда әскерилерді марапаттау көп болғанын мойындады. Министрлік мұны "әскери дайындықты кенеттен тексерудің және армия мен флоттағы басқа да әскери шаралардың артуынан көбейді" деп түсіндіреді.

"Медуза" сайтының хабарлауынша, министрлік Bellingcat зерттеу тобының 31 тамыздағы баяндамасына осылай жауап берген. Баяндамада Ресей армиясында 2014-2016 жылдары марапаттау күрт көбейгені айтылады. Bellingcat мұны Украинаның шығысы мен Сириядағы әскери операциялармен байланыстырады.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Bellingcat-тың "алдап, жалған сөйлеп, өзіне қажеттіні жалған статистика және "ресми мәліметтермен" көркемдеп шығарып алудан тартынбайтыны" айтылған.

Қорғаныс министрлігі сонымен қатар марапаттың көбеюіне Солтүстік Кавказдағы терроризмге қарсы операциялар мен Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарындағы әскери кезекшілік те әсер еткенін айтады.

Бірақ Bellingcat әскери марапат санын 2014 жылдың күзінен бастап санаған. Ал Сочидегі Олимпиада 2014 жылы ақпанда өткен.

XS
SM
MD
LG