Accessibility links

Бешімбаев: Экономикада өсім байқалып, инфляция деңгейі төмендеді


Қуандық Бешімбаев, ұлттық экономика министрі.

Қуандық Бешімбаев, ұлттық экономика министрі.

Астанада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық экономика министрі Қуандық Бешімбаев елде инфляция деңгейінің төмендегенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жылдық инфляция шілдеде ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 17,7 пайызды құраған. Ал тамызда айлық инфляция 0,2 пайыз болған. Бешімбаевтың айтуынша, жыл басынан бергі инфляция деңгейі 5,4 пайызды құраған.

Министр Қазақстанда "дағдарысқа қарсы шаралардың" арқасында 170 мың жұмыс орны ашылғанын, ресми мәлімет бойынша жұмыссыздық деңгейі 5 пайзыды құрайтынын айтады.

Бешімбаев сонымен қатар Қазақстан шағын және орта бизнесті қолдау үшін биылғы жылдың соңына дейін Азия даму банкі мен Еуропа инвестициялық банкінен 156 миллиард теңге несие алуды жоспарлап отырғанын айтады.

Ол Қазақстанда тамыз айында экономикалық өсім 0,1 пайыз, ал биылғы алғашқы сегіз айда жалпы ішкі өнім көлемі 0,3 пайызға артқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG