Accessibility links

Астанада тұрғын үй құрылысының мердігері қамалды


Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірі (Көрнекі сурет).
Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірі (Көрнекі сурет).

Астанада Тұран даңғылынан батыс жаққа қарай орналасқан көпфункционалды құрылыс кешенінің бас мердігері «Алға Тоқболат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ержігіт Әлжанның үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған. Қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) мәліметінше, қазір полиция бас мердігер Ержан Әлжігіттің әрекеттерінен зардап шеккен үлескерлерді іздестіріп жатыр.

ІІД баспасөз хатшысы София Қылышбекованың айтуынша, Ержігіт Әлжан 2013-2015 жылдар аралығында 196 инвестормен инвестициялау жолымен көп қабатты тұрғын үй құрылысын салу туралы жалпы соммасы 1 миллиард 600 миллион теңге құрайтын келісім шарт жасасқан. Бірақ тұрғын үй құрылысын белгіленген мерзімде аяқтамаған.

- Бұл тұрғын үй кешені. Үй жарым-жартылай салынып бітпеген. Атауы мен нақты мекен-жайы да әлі берілмеген, - дейді София Қылышбекова.

Қазір кәсіпкер қылмыстық процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес тергеу изоляторында отыр.

XS
SM
MD
LG