Accessibility links

Мақтаралдағы қақтығыстарға қатысты 33 қылмыстық іс тіркелген


Марат Әлімбеков, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары. Шымкент, 9 қыркүйек 2016 жыл.

Марат Әлімбеков, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары. Шымкент, 9 қыркүйек 2016 жыл.

Шілде айының соңы мен тамыз айының басында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы бірнеше ауылда болған жаппай қақтығыстарға байланысты 33 қалмыстық іс тіркеліп, оқиғаға 15 тұрғынның қатысы бар екені анықталды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Облыс прокурорының орынбасары Марат Әлімбековтың Азаттыққа айтуынша, қазір Мақтаралдағы жағдай тұрақты. "Жасалған бұзақылықтар бойынша қылмыстық іс қозғалғаны рас. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр" деді ол.

Облыс прокуратурасының басқарма прокурорының орынбасары Болат Жұматаев Азаттыққа Мақтаралдағы жағдай бойынша жалпы 33 қалмыстық іс тіркелгенін, оған ауданның 15 тұрғынының қатысы бар екені анықталғанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, қазір 6 адамның ісі сотқа жолданған. "Қалғаны тергеліп жатыр" дейді ол.

Облыс прокуратурасының басқарма прокуроры Руслан Әбдірайымов Мақтаралдағы жағдай бойынша іс қысқарып жатқанын айтады. "Екі жақ татуласса, біріксе, ымыраға келсе ешкім бас бостандығынан айырылмайды. Сотқа жіберілген 6 адамның төртеуінің ісі қысқарды. Екеуінің ісі қаралып жатыр" дейді Азаттыққа берген комментарийінде.

Шілде айының соңы мен тамыз айының басында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы бірнеше ауылда жаппай қақтығыстар болып, этникалық тәжіктер жергілікті полициядан өздерін қорғауды сұраған еді. Азаттық тілшісіне оқиғадан кейін тұрғындар жергілікті полиция жұмысына наразылықтарын да айтқан. Оқиға Ералиев ауылдық округінде кішкентай қызға қарсы жыныстық әрекеттер жасалғаннан кейін басталған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG