Accessibility links

ОҚО: 41 полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды


Шымкентте жерге қатысты жиын өтеді деген маңайды бақылап жүрген полицейлер. 28 сәуір 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Шымкентте жерге қатысты жиын өтеді деген маңайды бақылап жүрген полицейлер. 28 сәуір 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлерінің үстінен 800-ге жуық шағым түсіп, 41 полицейге қылмыстық іс қозғалды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс прокурорының орынбасары Марат Әлімбеков мәлімдеді.

Прокурордың орынбасары биыл жыл басынан бері прокуратураға 9 мың 964 азаматтан арыз-шағым түскенін айтады. "Оның 800-ге жуығы полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне байланысты түскен арыз-шағым" дейді ол.

Марат Әлімбековтың сөзі бойынша, биыл облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің үстінен 41 қылмыстық іс қозғалған. "Полиция қызметкерлерінің үстінен көбінесе қызметін теріс пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр" дейді прокурордың орынбасары Азаттыққа.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG