Accessibility links

Әзімжан Асқаровтың ісі 4 қазанда қаралады


Әзімжан Асқаров, қырғызстандық құқық қорғаушы.

Әзімжан Асқаров, қырғызстандық құқық қорғаушы.

Қырғызстандық құқық қорғаушы Әзімжан Асқаровтың ісін қайта қарау 4 қазанда өтеді деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Істі Шу облыстық соты қарайды.

Биыл 12 шілдеде Қырғызстан жоғарғы соты Асқаровты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы бұрынғы үкімнің күшін жойып, істі қайта тергеуге жіберген.

Жоғарғы сот Асқаровтың ісін БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комитетінің шешімімен соң жаңа белгілі болған жайттарға байланысты қайта қараған. БҰҰ комитеті ресми Бішкектен Асқаровтың ісін қайта қарап, оны босатуды талап еткен.

Этникалық өзбек Әзімжан Асқаров Қырғызстанның оңтүстігінде 2010 жылы жазда қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында болған қақтығыстарға қатысты деп айыпталған. Қақтығыстардан 450-ден астам қаза тауып, мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Асқаров Жалалабад облысының Базар-Коргон ауданында тұрып, құқық қорғау ісімен айналысқан.

Қазір Асқаров қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG