Accessibility links

Назарбаев бірнеше облыстың әкімдерімен кездесті


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада бірнеше облыстың әкімдерімен жеке-жеке кездесті. Назарбаев Астанадағы резиденциясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековті, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.

Президент әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімдер Назарбаевқа облыстарындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәліметтер келтіріп, ағымдағы жоспарлары туралы айтқан. Ресми мәліметке қарағанда, президент кездесу соңында барлық әкімдерге бірқатар нақты тапсырмалар берген.

Әкімдермен кездесуден бұрын Назарбаев бүгін түске дейін үкіметтің кеңейтілген жиынына қатысқан. Жиында Назарбаев алдағы екі күнде жаңа үкімет жасақталатынын, бірақ ол үкіметте "үлкен өзгеріс" бола қоймайтынын айтқан.

Осыған дейінгі премьер-министр Кәрім Мәсімов 8 қыркүйекте ҰҚК төрағасы болып тағайындалған. Премьер міндетін атқару бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевқа уақытша жүктелді.

XS
SM
MD
LG