Accessibility links

Асқар Мамин премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды


Үкімет үйі, Астана. (Көрнекі сурет.)
Үкімет үйі, Астана. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Асқар Мамин премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстан парламенті депутаттары премьер-министрлікке Бақытжан Сағынтаевты тағайындау туралы президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап дауыс берген.

50 жастағы Мамин 2008 жылдан бер «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын басқарып келген. Оның алдында Астана қаласының әкімі, көлік және коммуникация министрі болып қызмет атқарған.

Елдің 2014 жылғы сәуірден бергі үкімет жетекшісі Кәрім Мәсімов бейсенбі күні президент жарлығымен қызметінен кетіп, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG