Accessibility links

Оралда облыстық департаменттің бұрынғы басшысы сотқа тартылды


Мұхамғали Арыспаевтың Батыс Қазақстан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментін басқарған кездегі суреті. Орал, 5 шілде 2015 жыл.

Мұхамғали Арыспаевтың Батыс Қазақстан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментін басқарған кездегі суреті. Орал, 5 шілде 2015 жыл.

Орал қалалық соты Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бұрынғы жетекшісі Мұхамғали Арыспаевқа ең төменгі есептік көрсеткіштің екі мың есе көлемінде (3,7 миллион теңге) айыппұл салып, бес жылға мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыруға үкім шығарды. Сотталушыға айыппұлды төлеуге бір ай уақыт берілді.

Оның қорғаушысы Тамара Сәрсенова үкіммен келіспейтіні жайлы шағым жазатынын мәлімдеді. Арыспаевтың өзі комментарий беруден бас тартты.

Сот дейінгі тергеу барысында Мұхамғали Арыспаевқа қылмыстық кодекстің «Қызметтiк жалғандық жасау» және «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» баптары бойынша айыптар тағылған. Істі қараған судья Асқар Исмайылов соңғы аталған бап бойынша Арыспаевқа тағылған айыптауды алып тастады. Айыптау қортындысында 2014 жылы қалалық бөлім басшысы қызметін атқарған кезде Арыспаевтың Оралдағы дәріханалардың бірінің жай-күйі санитарлық талаптарға сай келмесе де оның жұмыс істеуіне рұқсат құжатын бергені айтылған.

Мұхамғали Арыспаев тұтынушылар құқығын қорғау департаменті (бұрынғы СЭС) басшысы қызметіне 2014 жылдың қарашасында тағайындалған. Оған дейін ол Орал қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасын алты жыл басқарған.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG