Accessibility links

Facebook қоғам сынынан соң әйгілі сурет жарияланған жазбаны желіге қайтарды


Норвегиялық Aftenposten басылымының бас редакторы Эспен Эгил Хансен (сол жақта) және Facebook желісінің негізін қалауші әрі басшысы Марк Цукерберг.

Норвегиялық Aftenposten басылымының бас редакторы Эспен Эгил Хансен (сол жақта) және Facebook желісінің негізін қалауші әрі басшысы Марк Цукерберг.

Facebook әлеуметтік желісінің әкімшілігі Вьетнамдағы соғыста напалм шабуылына ұшыраған жалаңаш қыздың суретін жариялаған норвегиялық жазушы Том Эгеландтың парақшасын бұғаттау туралы шешімін өзгертіп, жазбаны желіге қайтарды деп хабарлады Reuters.

Суретте «жалаңаш адам бейнеленген» және әлеуметтік желі талаптарына сай емес деп тауып, жазушының парақшасын бұғаттап тастаған Facebook әкімшілігі қоғам тарапынан жаппай сын айтылған соң өз шешімін өзгертуге мәжбүр болған.

Жұма күні норвегиялық Aftenposten басылымы әлеуметтік желіден Вьетнамдағы соғыс кезіндегі сурет алынып тасталғаннан кейін Facebook бас директоры Марк Цукербергті «билікті теріс пайдаланып отыр» деп сынаған. Басылым бұл мәлімдемесін жұма күні шыққан санында алғашқы бетінде жариялап, Цукербергті әлемдегі «ең ықпалды редактор» деп атаған.

Даулы суретке байланысты әлеуметтік желі саясатын Норвегия премьер-министрі Эрна Сульберг те сынаған.

Өткен ғасырда Вьетнамдағы соғыс кезінде түсірілген әйгілі суретте ұшақ бомбалауына ұшыраған ауылдан қашқандардың, солардың арасында тыр-жалаңаш күйіп жылап келе жатқан қыз баланың бейнесі бар. Әлемде резонанс тудырған бұл сурет 1964-1975 жылдар аралығында Вьетнамда болған соғыс символына айналған. Оның авторы – тегі вьетнамдық америкалық әскери тілші Ник Ут осы суреті үшін Пулитцер сыйлығын алған.

XS
SM
MD
LG