Accessibility links

Керри мен Лавров Сирия жоспары бойынша келісімге келді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) және Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 9 қыркүйек 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) және Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 9 қыркүйек 2016 жыл.

Вашингтон мен Мәскеу Сирияда бітімге қол жеткізу жөніндегі іс-қимыл жоспары бойынша келісімге келген. Бұл туралы жұма күні түнге қарай Женевада АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «өте үлкен жұмыс» аяқталғанын атап өткен.

Жұма күні келіссөздер күні бойы жалғасты. Сергей Лавров талқылауды тоқтатып, Джон Керримен келесі аптада қайта кездесуді ұсынған. Жұма күні кешке АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі журналистерге дипломаттардың «техникалық мәселелерді» талқылап жатқанын хабарлаған, бірақ нақты қандай мәселелер екенін ашып айтпаған.

Сирияда бес жылдан астам уақыт жалғасып жатқан соғыс салдарынан бірнеше жүз мың адам қаза тапқан. Мәскеу мен Вашингтон Сириядағы қантөгісті тоқтату және Башар Асад режимі мен қарулы оппозиция арасында бітімге қол жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөздерді бірнеше рет бастап, бірақ мәмілеге келе алмаған еді. Асадты жақтайтын Ресей мен Сирия оппозициясын қолдайтын АҚШ қоршаудағы елді мекендерге гуманитарлық жәрдем жеткізу мәселесінде түсіністік таба алмай, екі тарап арасындағы келіссөздер үнемі тығырыққа тіреліп келді.

XS
SM
MD
LG