Accessibility links

FIFA өзінің бұрынғы басшыларына жаңа айыптар тақты


Йозеф Блаттер (сол жақта), Жером Вальке (ортада) және Маркус Каттнер.

Йозеф Блаттер (сол жақта), Жером Вальке (ортада) және Маркус Каттнер.

Халықаралық футбол федерациялары ассоциациясы (FIFA) осы ұйымның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер мен оның бұрынғы бірнеше орынбасарына жаңа айыптар тақты.

Қыркүйектің 9-ы күні халықаралық ұйымның этика жөніндегі комитеті Йозеф Блаттер, FIFA-ның бұрғын бас хатшысы Жером Вальке және FIFA президентінің бұрынғы орынбасары Маркус Каттнер 2011-2015 жылдар аралығында өз-өздеріне 80 миллион доллар төлегені туралы жариялады. Бұл туралы материалдар Швейцария полициясына берілген. FIFA-ның бас штаб пәтері Цюрих қаласында орналасқан.

Жұма күні FIFA этика комтеті ұйымның бұрынғы вице-президенті Джеффри Уэббке пара алғаны үшін миллион доллар айыппұл салынып, ол өмір бойы футболдан шеттетілгені туралы хабарлады.

Бұған дейін маусым айының басында FIFA өзінің бұрынғы жетекшілері жаңа деректерге байланысты күдікке ілініп отырғаны туралы хабарлаған.

FIFA басшылығындағы үлкен коррупциялық жанжал 2015 жылы мамырдың соңында шыққан еді. Сол жылы желтоқсанда халықаралық ұйымды 1998 жылдан бері басқарып келген Йозеф Блаттерге «қызмет өкілетін теріс пайдаланған» және «қаржыны заңсыз иеленген» деген айыптар тағылған. Ол 8 жылға футболдан шеттетілген.

XS
SM
MD
LG