Accessibility links

Сирияда дүйсенбіден бастап бітім күшіне енбек


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 9 қыркүйек 2016 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 9 қыркүйек 2016 жыл.

Сирияда қарулы жанжалға қатысушы тараптардың барлығы алдағы дүйсенбіден бастап әскери іс-қимылдарды доғаруы тиіс. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров жұма күні кешке өзара келісімге келген Сириядағы бітім жөніндегі жоспарда айтылған.

12 қыркүйектен бастап Сирия президенті Башар Асадтың ұшақтарына оппозиция бақылауындағы аудандардың үстімен ұшуға және бүкіл ел аумағында қандай да бір әскери іс-қимылдар жасауға тыйым салынады.

Бітім туралы келісімнің исламшыл содырларға қатысы жоқ. Вашингтон мен Мәскеу екі тараптың әскери күштері жихадшыларға қарсы әуе соққылары жайлы өзара келісіп отыруы үшін үйлестіру орталығын құрмақшы. Келісілген жоспарға сәйкес, әуе соққысын тек АҚШ пен Ресей ұшақтары ғана жасай алады.

Керридің айтуынша, келісім Асадтың билікті тапсыру процесіне көшуді қамтамасыз етуге жәрдемдесетін болады. Лавров бітім жоспарына дайындық биылғы ақпан айынан бастап жүргізіліп келгенін айтты.

XS
SM
MD
LG