Accessibility links

Германия ІІМ ел аумағында жүздеген исламшыл барын айтады


Германия ішкі істер министрі Томас де Мезьер.
Германия ішкі істер министрі Томас де Мезьер.

Германияда исламшылдар тарапынан қауіп-қатер ұлғайып отыр деп мәлімдеген осы елдің ішкі істер министрі Томас де Мезьер бүгін Bild басылымында жарияланған сұхбатында. Оның айтуынша, ел аумағында 500-ден астам қауіпті экстремист саналатын адам бар.

Мезьер германиялық арнайы қызмет исламшылдарды назарда ұстап отыр деп сендіреді. Ол исламофобияны (ислам дініне үрке қарау - ред.) қоздырмауға шақырып, мұсылмандардың өздері жихадшылар шабуылына жиі ұшырап, құрбанға айналатынын еске салған.

Еуропа Одағы полиция қызметінің мәліметі бойынша, былтыр терроризмге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен мыңнан астам адам ұсталған. Олардың көпшілігі кінәлі деп танылған. Ең үлкен қауіп Сириядағы жанжал аймағынан оралған экстремистік топтардың мүшелері тарабынан төніп отыр.

XS
SM
MD
LG