Accessibility links

Павлодарда ТЭЦ-3 орталығындағы апаттан зардап шеккен әйел қайтыс болды


ТЭЦ жылу энергетикалық орталығы. (Көрнекі сурет.)
ТЭЦ жылу энергетикалық орталығы. (Көрнекі сурет.)

Павлодар қаласында ТЭЦ-3 жылу энергетикалық орталығының қазандық цехында құбыр жарылған кезде зардап шеккен 55 жастағы әйел ауруханада қайтыс болған.

1-қалалық ауруханаға сілтеме жасаған Tengrinews агенттігінің хабарлауынша, апат салдарынан денесі қатты күйіп, жарақат алған әйел есін жимаған күйі жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

«Апат кезінде оны лақтырып жіберген тәрізді, соның салдарынан сол жақ жіліншігі зақымданған, сол жақ төрт қабырғасы сынған» делінген Tengrinews хабарламасында.

ТЭЦ-3 жылу орталығында апат қыркүйектің 8-күні болған.

XS
SM
MD
LG