Accessibility links

Мануэль Вальс Францияда теракт қаупі барын ескертті


Франция премьер-министрі Мануэль Вальс.
Франция премьер-министрі Мануэль Вальс.

Франция премьер-министрі Мануэль Вальс бүгін Europe 1 радиосына берген сұхбатында жұртшылықты елде терактілер дайындалып жатқаны туралы ескерткен. Оның сөзінше, соңғы аптада француз арнайы қызметтері екі шабуылдың алдын алған. Вальстің айтуы бойынша, Францияда ең кемі 15 мыңдай радикал бары билікке мәлім.

Бұған дейін, жексенбі күні Франция экс-президенті Николя Саркози терроризм мәселелері бойынша арнайы сот құруды ұсынған. Премьер бұл идеяны қолдаған жоқ. 2016 жылы мамырда Вальс исламшылдарды оңалту үшін арнайы мекемелер ашу жоспары туралы мәлімдеген.

Францияда былтырғы қарашадан бастап төтенше жағдай енгізілген. Осы уақыт ішінде исламшыл содырлар бірнеше шабуыл жасап, салдарынан ондаған адам мерт болған. Қыркүйектің 4-і күні Париждің орталығынан ішінде газ баллондары бар автокөлік табылған. Полиция террорлық шабуылға дайындалған деген күдікпен үш әйелді ұстаған. Олардың бірі әлгі газ баллондары Эйфель мұнарасы жанында жарылыс жасауға арналғанын мойындаған.

XS
SM
MD
LG