Accessibility links

Сирияда әуе шабуылынан бейбіт тұрғындар қаза тапқан


Идлиб қаласына жасалған кезекті әуе шабуылынан кейін түсірілген сурет. 17 тамыз 2016 жыл.
Идлиб қаласына жасалған кезекті әуе шабуылынан кейін түсірілген сурет. 17 тамыз 2016 жыл.

Сирияда Идлиб қаласында әуе шабуылынан, арасында балалар мен әйелдер бар, кемінде 25 адам қаза тапқан. Ондаған адам жараланған. Бұл туралы оқиға куәгерлері хабарлаған.

Азаматтық қорғаныс құрылымдары қызметкерлері Reuters агенттігіне қалалық базар маңындағы тұрғын үйлер қирандылары астынан құрбан болған адамдардың денелерін шығарып алып жатқандарын хабарлаған.

Құтқарушылар мен жерлігікті тұрғындардың бірінің сөзінше, қаланы ресейлік ұшақтар бомбалаған.

2015 жылдың көктемінен бері исламшылар коалициясы, негізінен «Джаиш әл-Фатех» туы астында астында соғысып жүргендер бақылауындағы Идлиб провинциясының елді мекендеріне соңғы апталарда әуеден соққы беру жиілеген. Еріктілерден тұратын құтқарушылар мен азаматтық белсенділер содырлар өздеріне «тірі қалқан» ретінде ұстап отырған, Башар Асадтың режимін қолдайтын бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқан және жараланған ондаған адам бар деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG