Accessibility links

Еуроодақ Грекиядағы босқындарға қаржы бөлді


Грекия аумағы арқылы Македония шекарасына қарай бет алған мигранттар тобы. 30 тамыз 2016 жыл.

Грекия аумағы арқылы Македония шекарасына қарай бет алған мигранттар тобы. 30 тамыз 2016 жыл.

Еуропа Одағы Грекия аумағында көп айдан бері тұрып жатқан босқындар мен мигранттарға жедел жәрдем көлемін екі есе ұлғайтуды ұйғарды. Брюссель оларға өз есебінен 115 миллион еуро бөлмек.

Бұған дейін Еуроодақ биыл Грекиядағы мигранттар қажетіне деп 80 миллион еуродан астам қаржы аударған.

Бөлінген қаржы мұқтаж адамдардың баспана жағдайын жақсартуға және мектеп жасындағы балалардың білім алуына жұмсалады деп хабарлады сенбі күні Еурокомиссия.

Гуманитарлық жәрдем көрсету жөніндегі еуропалық мекеме басшысы Христос Стилианидис бұл қаржы босқындар мен қоныс аударушылардың қыстап шығуына демеу болады дейді.

Қазіргі кезде Грекия аумағында соғыс аймақтарынан қашқан 60 мыңға жуық босқындар мен мигранттар бар. Еуропаның дамыған елдерін бетке алып шыққан олар Балкан елдері шекараны жапқан соң осында қалып отыр. Грекия билігі бұлардың бір бөлігін бұрынғы әскери қалашықтар мен жұмыс істемейтін кәсіпорындардың цехтарына орналастырған.

Еуропа одағы тарапынан бөлінген жәрдем – түрлі халықаралық және ұлттық гуманитарлық ұйымдардың босқындар мен қоныс аударушыларға көрсетіп келе жатқан гуманитарлық қолдаудың бір түрі.

XS
SM
MD
LG