Accessibility links

Дамаск Сирия жанжалын бейбіт реттеу жайлы Ресей мен АҚШ жоспарын қолдады


Джон Керри (сол жақта) және Сергей Лавров. Женева, 9 қыркүйек 2016 жыл.
Джон Керри (сол жақта) және Сергей Лавров. Женева, 9 қыркүйек 2016 жыл.

Сирия үкіметі елдегі қарулы жанжалды бейбіт жолмен реттеу жөнінде АҚШ пен Ресей ұсынған жоспарды мақұлдады. Бұл туралы Сирия мемлекеттік баспасөз құралдары хабарлады.

Сириялық САНА агенттігінің хабарлауынша, ел үкіметі Женевада АҚШ пен Ресей арасында өткен келіссөздер нәтижесінен хабардар. Дамаск гуманитарлық мақсатпен Алеппо ауданындағы әскери іс-қимылдарды бәсеңдетуге келісті.

Оппозияциялық Келіссөздер бойынша жоғарғы комитеттің өкілдері келісім мәтіні қолға тиген соң мазмұнымен танысып, онда ұсынылған шаралардың қаншалықты орындалатынын саралайтындарын мәлімдеген.

Жұма күні Женевада 12 сағатқа жалғасқан келіссөздерден кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сириядағы қарулы жанжалды бейбіт жолмен реттеу жоспары бойынша келісімге келген. Жоспарда қарулы жанжалға қатысушы тараптарға дүйсенбіден бастап әскери іс-қимылдарды доғару ұсынылған.

XS
SM
MD
LG