Accessibility links

Назарбаев Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде болды


Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешіті.

Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешіті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде болып, қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Назарбаев тәуелсіздік кезеңінде қол жеткен табыстың бәрі елдегі бірлік пен тыныштықтың арқасы екенін атап өткен.

«Әлемдегі әрбір дін бізді ынтымаққа, ізгілікке, бір-бірімізді құрметтеуге шақырады. Құранда өзің тоқ болып, көршің аш отырса, сен мұсылман болып саналмайсың делінген. Онда мұсылмандардың ағымға, жікке бөлінбейтіні де айтылған. Нағыз мұсылман – ел-жұртқа, қоғамға, Отанына көмектесетін, барлық дінді бірдей көретін адам», – деген Назарбаев.

Бүгін әлем мұсылмандары Құрбан айт мерекесін атап өтіп жатыр. Қазақстанда Құрбан айт пен православтардың Рождество мерекесі демалыс күндері болып белгіленген.

XS
SM
MD
LG