Accessibility links

Беларусь парламентіне оппозиция өкілі өтті


Парламент сайлауына дауыс беріп жатқан адам. Беларусь, 11 қыркүйек 2016 жыл.

Парламент сайлауына дауыс беріп жатқан адам. Беларусь, 11 қыркүйек 2016 жыл.

Беларусь парламентіндегі 110 орынның кемінде біреуін оппозициялық партия өкілі иеленді. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, қыркүйектің 11-і күні өткізілген дауыс беру нәтижесінде оппозициялық Біріккен азаматтық партия өкілі Анна Конопатская парламентке өтуіне қажетті дауысқа ие болған.

Соңғы жиырма жыл бойы Беларусь парламентінде ел президенті Александр Лукашенконың жақтастары басым болып, оппозиция өкілі жоққа тән еді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, жексенбідегі дауыс беруге сайлаушылардың 74,32 пайызы қатысқан. Парламент сайлауына түскен 521 кандидаттың 176-сы – оппозиция өкілдері. Дауыс беру барысын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 400-ден астам бақылаушы қадағалаған.

1990 жылдардың басынан бері Беларусь елінде өткізілген сайлаулардың бір де бірін Батыс елдері еркін және әділ деп таныған емес.

XS
SM
MD
LG