Accessibility links

Дереккөз: Солтүстік Корея тағы бір ядролық қаруын тексермек


Солтүстік Кореяның суасты сынақтарының бірі. 24 сәуір 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Солтүстік Кореяның суасты сынақтарының бірі. 24 сәуір 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Солтүстік Корея тағы бір ядролық қаруын сынақтан өткізуге дайын деп хабарлады Оңтүстік Кореядағы ақпарат құралдары үкіметтегі бір шенеунікке сілтеме жасай отырып.

Yonhap ақпараттық агенттігінің 12 қыркүйекте аты-жөні беймәлім шенеунікке сілтеме жасап хабарлауынша, Пхеньян Пунгине-ри полигонындағы бұрын қолданбаған туннельді сынаққа дайындап бітірген.

Солтүстік Корея 9 қыркүйекте бесінші рет ядролық қаруын сынақтан өткізген. Сол күні БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қосымша санкциялар салу жайын кеңесуге келіскен. Солтүстік Корея ядролық қаруын алғаш рет сынаған 2006 жылдан бері бұл елге бес рет санкция салынған.

Кеше АҚШ Солтүстік Кореяға біржақты санкция салуға дайын екенін мәлімдеді. Пхеньян өзіне қарсы наразы пікірлерді елемейтінін айтқан.

XS
SM
MD
LG