Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Каримовты еске алуға Самарқанға барды

Солдан оңға: Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияев, Ислам Каримовтың жесірі Татьяна Каримова, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Самарқанд, 12 қыркүйек 2016 жыл. (Ақорда сайтынан алынған фото)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұмыс сапарымен Самарқанға барды деп хабарлады Ақорда.

«Қазақстан президенті Самарқанға Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың рухына тағзым ету үшін келді. Сапар аясында Каримовтың бейітіне гүл шоғын қойып, оның отбасымен жүздесу жоспарланған. Сонымен қатар мемлекет басшысы Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевпен кездеседі» делінген ресми хабарламада.

Өзбекстанды 27 жыл бойы басқарған 78 жастағы Ислам Каримов инсульт алғаннан кейін қыркүйектің 2-сі күні қайтыс болған. Оны жерлеу рәсіміне Қазақстан, Қырғызстан және Ресей делегацияларын премьер-министрлер бастап барған еді.

Кейін, қыркүйектің 6-сы күні Ресей президенті Владимир Путин Каримовтің қазасына көңіл айту үшін Самарқанға жұмыс сапарымен барған.

XS
SM
MD
LG