Accessibility links

«Норникель» судың қызаруына қатысы барын мойындады


Норильскідегі Далдықан өзені.
Норильскідегі Далдықан өзені.

Ресейлік «Норильский никель» компаниясы өздеріне қарасты өндіріс Надеждинский металлургия зауытындағы апат салдарынан Далдықан өзені ластанып, қып-қызыл түске боялғанын мойындады. Мұның алдында «Норникель» оқиғаға қатыстығын жоққа шығарған.

Компания сайтында судың ластануына мөлшерден тыс жауын жауып, өндіріс қалдықтары сақталатын қойма бөгетінің бұзылғаны себеп болған деп жазылған.

Компанияның айтуынша, суға араласып кеткен темір тұздарының адам мен өзен тіршілігіне зияны жоқ.

7-қыркүйекте әлеуметтік желілерде Норильск жанындағы Далдықан мен Купец өзендерінің суы қызыл түскен боялған суреттер жарияланған болатын. Суреттердің комментарийлерінде судың қызаруына Надеждинск металлургия зауытының зиянды қалдықтары себеп болуы мүмкін екендігі болжанған. Өндіріс орны қандай да бір жауап беруден бас тартқан. Аймақтық төтенше жағдайлар қызметі бұл жайт туралы білмейтін болып шыққан. Табиғатты бақылау саласындағы федералды қызмет тексеру өткізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG