Accessibility links

Тасмағамбетов премьер-министр орынбасары болды


Қазақстан қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов халықаралық әскери ойындарының ашылу салтанатында әнұран тыңдап тұр. 2 тамыз 2016 жыл.

Қазақстан қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов халықаралық әскери ойындарының ашылу салтанатында әнұран тыңдап тұр. 2 тамыз 2016 жыл.

Осыған дейін қорғаныс министрі болған Иманғали Тасмағамбетов премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Тағайындау туралы жарлық Қазақстан президенті әкімшілігі сайтында жарияланған.

60 жастағы Иманғали Тасмағамбетов 2014-жылдың қазанынан бері қорғаныс министрлігін басқарып келген. Әр жылдары Атырау облысы, Алматы және Астана әкімі, президент әкімшілігі жетекшісі болды. 2002 жылдан бері премьер-министр қызметін екі жыл атқарды.

Тасмағамбетовтың орнына бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары, Қазақстан қарулы күштері бас штабының басшысы, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов тағайындалды. Оның тағайындалуы жөніндегі президент жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

Бұл - өткен аптада 2014-жылдан бері Қазақстан үкіметін басқарған Кәрім Мәсімовтың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалығына жіберілгелі бергі кезекті өзгеріс. Өткен жұмада Қазақстан премьер-министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалған.

XS
SM
MD
LG