Accessibility links

Марат Бекетаев әділет министрі болып тағайындалды


Министрліктер үйі.
Министрліктер үйі.

Өткен жылдың желтоқсанынан бері Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған Марат Бекетаев президент жарлығымен Әділет министрі болып тағайындалды. Аталмыш жарлық президент әкімшілігі сайтында жарияланды.

Бекетаев бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалған Берік Имашевтың орнына келді.

Сонымен бірге бүгіннен бастап президент жарлығымен Сәкен Жасұзақов қорғаныс министрі болып тағайындалған.

Өткен аптада Кәрім Мәсімов премьер-министрліктен босатылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалығына барғаннан бері 10 министр өз орнында қалып отыр. Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің орнына құрылған мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығына Қайрат Қожамжаров тағайындалды. Бұрынғы мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып тағайыналды.

XS
SM
MD
LG