Accessibility links

Балқаш зауытында бір жұмысшы көз жұмды


Балқаш көлі жағасындағы Балқаш мыс қорыту зауыты.
Балқаш көлі жағасындағы Балқаш мыс қорыту зауыты.

«Қазақмыс» компаниясы баспасөз қызметі Қарағанды облысы Балқаш мыс қорыту зауытында бір жұмысшының биіктіктен құлап қайтыс болғанын хабарлайды. Дерек бойынша, 11-қыркүйек күні Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасында «МБМ Құрылыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) мердігерлік ұйымының 1982 жылы дүниеге келген жұмыскері өндірісте алған ауыр жарақаттан есін жимастан қаза болған. Сол күні жұмысшы Балқаш мыс қорыту зауытының цехында төбе жұмыстары кезінде 15 метр биіктіктен құлаған. Оқыс оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрылғаны хабарланып отыр.

XS
SM
MD
LG