Accessibility links

Паралимпиада чемпионы Ғабидуллина - арнайы сыйлыққа үміткер


Қазақстандық Зүлфия Ғабидуллина Риодағы паралимпиада ойындарында. 8 тамыз 2016 жыл.

Қазақстандық Зүлфия Ғабидуллина Риодағы паралимпиада ойындарында. 8 тамыз 2016 жыл.

Жүзуден Рио паралимпиадасының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина Халықарлық паралимпиада комитетінің Whang Youn Dai Achievement Award сыйлығына үміткерлердің қатарына енді. Бұл туралы Халықаралық паралимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады. Сыйлық мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында спортты насихаттауға үлес қосқан бір әйел және бір ер спортшыға беріледі.

Ғабидуллинадан бөлек әйелдер арасында бұл сыйлыққа мүгедектер арбасымен жарысуда Рио паралимпиадасының чемпионы Татьяна МакФаден (АҚШ, 27 жаста) мен осы паралимпиадада бір аяғы не бір қолы жансызданған спортшылар арасында 100 метрге жүгіруде күміс алған Вероника Сильва Хиполито (Бразилия) үміткер.

Жеңімпаздың есімі 15 қыркүйекте жарияланады. Сыйлыққа 75 грамм таза алтыннан жасалған медаль табысталады.

50 жастағы Зүлфия Ғабидуллина 100 метрге жүзуден әлем рекордын орнатып, Рио паралимпиадасында алтын медаль алған. Бұл - Қазақстанның паралимпиада қозғалысындағы алғашқы алтыны.

XS
SM
MD
LG