Accessibility links

Путинцева Токиодағы жарыстың 2-айналымына шықты


Юлия Путинцева.

Юлия Путинцева.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева (әлемдік рейтингте 41-орында) Токиода өтіп жатқан Japan Open жарысының екінші кезеңіне шықты. Ол бірінші айналымда грекиялық Мария Саккариді (98) жеңді - 6:4, 6:3. Матч екі сағатқа созылды.

Путинцева екінші айналымда жапониялық Куруми Нарамен (81) кездеседі. Екі теннисші осыған дейін төрт рет кездесіп, барлығында Путинцева жеңіске жеткен.

Жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын Жапония ашық чемпионаты 18 қыркүйекте аяқталады.

XS
SM
MD
LG