Accessibility links

Украина ішкі істер министрі Аваковтың үстінен қылмыстық іс қозғалды


Ішкі істер министрі Арсен Аваков.

Ішкі істер министрі Арсен Аваков.

Украина бас прокуратурасы ішкі істер министрі Арсен Аваковқа қатысты қылмыстық іс ашқан. Бұл туралы "24 канал" эфирінде Украина бас прокуроры Юрий Луценко мәлімдеді. Ол министрге нақты қандай айыптар тағылғанын айтқан жоқ.

Луценконың айтуынша, қылмыстық іс коррупцияға қарсы орталықтың басшысы Виталий Шабуниннің жазбаша шағымынан кейін қозғалған. Аваков бұл мәлімдемеге қатысты комментарий бермеді.

26 тамызда Украина жоғары радасы Аваковты ішкі істер министрі қызметінен босату мәселесі қарап, жоба ұсынған. Енді жобаны парламент басшылығы қарастырады.

XS
SM
MD
LG