Accessibility links

Қырғызстанда Сирияға адам әкетпен болған екі әйел сотталды


Жалал-Абадта жүрген Қырғызстан ішкі істер министрлігінің қызметкерлері.
Жалал-Абадта жүрген Қырғызстан ішкі істер министрлігінің қызметкерлері.

Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында жас қызды Сирияға "Ислам мемлекеті" экстермистік тобының қатарына жібермек болған екі әйел сотталды. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлады.

Жалал-Абал облысының соты 55 жастағы Мохирахон Акимжанова алты жылға, 30 жастағы Наргизахон Раимжонова жеті жылға түрмеге қамалды.

Тергеу қорытындысы бойынша, сотталғандар қызбен әлеуметтік желі арқылы танысып, сол арқылы әңгімелескен. Үшеуі жалған құжат жасап Сирияға өтпек болған. Іс материалында Рахимжонова осыған дейін Сирияға кетіп қалған ағасымен сол жақта кездеспек болған.

XS
SM
MD
LG