Accessibility links

АҚШ пен Ресей Сириядағы бітім уақытын ұзартты


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сириядағы уақытша бітім уақытын 48 сағатқа созу туралы келісті.

Ал мемлекеттік департамент өкілі Марк Тоунер Сирияда атыс азайып, тыныштық орнағанын айтты. 14 қыркүйекте БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун АҚШ пен Ресейді Сирияға тағы жедел гуманитарлық көмек жіберу жағын ұйымдастыруға шақырды.

9 қыркүйекте Женевада 12 сағатқа жалғасқан келіссөздерден кейінДжон Керри мен Сергей Лавров Сириядағы қарулы жанжалды бейбіт жолмен реттеу жоспары бойынша келісімге келген. Жоспарда қарулы жанжалға қатысушы тараптарға дүйсенбіден бастап әскери іс-қимылдарды доғару ұсынылған.

XS
SM
MD
LG