Accessibility links

ҰҚК: БҚО ұсталғандар ИМ-нің интернеттегі ақпаратын пайдаланған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Батыс Қазақстан облысында ұсталғандар интернеттегі "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының ақпараттарын негізге алып отырған. Бұл туралы Ұлттық ауіпсіздік комитеті «ҚазАқпарат» агенттігіне берген ресми жауабында мәлімдеген.

«Батыс Қазақстан облысында ұсталғандар өздерінің қылмыстық пиғылдарында интернеттегі "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының ақпараттарын негізге алып отырған. Лаңкестік қызметті атқару үшін шетелден қаржы жіберілгендігі және өзге де көздерден қаражат болғаны туралы ақпарат анықталған жоқ» делінген комитеттің берген жауабында.

ҰҚК оларда діни және рухани көшбасшы болмағанын да хабарлады.

«Ұлттық қауіпсіздік органдарында тамыз айында БҚО-да ұсталғандар халықаралық лаңкестік ұйымдармен байланысы болғаны туралы ақпарат жоқ. Лаңкестік үшін қажетті қаруды олар оқ-дәрі сақтау орындарына шабуыл жасау арқылы алуды жоспарлаған» деп атап өтті ведомстводан.

Бұған дейін ҰҚК "12-30 тамыз аралығында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары аумағында үш радикалды топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қойғанын" хабарлаған. Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны және Ақтөбе облысының 11 тұрғыны қамауға алынды.

XS
SM
MD
LG