Accessibility links

Астанада жатақханадан тұрғындарды шығару кейінге қалды


Астана шетіндегі жатақхана тұрғындары.

Астана шетіндегі жатақхана тұрғындары.

Аудандық соттың шешімімен Астана шетіндегі Пригородный мекеніндегі жатақханадан тұрғындар шығару кейінге қалдырылды. Жатақханада тұратын бірнеше адам баратын жерлері жоқ екенін айтып, өз пәтерлерінен шығудан бас тартты.

«Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорны жатақхана 2015 жылдан бері өздеріне тиесілі екенін айтып сотқа шағым түсірген. Осыдан кейін Есіл аудандық соты жатақхананы босату туралы шешім шығарып, тұрғындарға жатақханадағы пәтерлерінің орнына баспана берілмейтінін айтқан.

Жатақханадан тұрғындарды шығару 2 қыркүйекте жүргізілуі тиіс еді. Бірақ тұрғындар сот орындаушылардан жүктерін алып кетуге уақыт сұраған. Олар тұрғындардан 15 қыркүйекке дейін жатақхананы босататыны туралы қолхат алған еді. Сот орындаушылар тұрғындардан жатақхананы босатып, кілттерін өткізуді сұраған.

XS
SM
MD
LG