Accessibility links

Ақтөбе әкімдігі бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақтөбе қаласы әкімдігі қамауда отырған атыраулық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдау митингін өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы Азаттыққа ақтөбелік құқық қорғаушы Алима Абдирова мәлімдеді.

Абдированың айтуынша, ол 7 қыркүйекте Ақтөбе қаласы әкімдігінен Кенес Нокин ауылындағы саябақта бейбіт митинг өткізуге рұқсат беруін сұрап өтініш жазған. Алайда әкімдік "Нокин ауылындағы саябақта митинг өткізуге болмайды" деген жауаппен рұқсат бермеген.

"24-25 қыркүйекте бейбіт митинг өткізуге рұқсат беруді сұрап қайта өтініш жаздым. 200 адам қол қойған" деді Абдирова Азаттыққа.

Ол өзінің өтінішінде Ақтөбе облыстық филормониясының алдындағы алаңды, "Қоныс" спорт сарайындағы стадионды, "Авиатор" паркін және бірінші президент паркін көрсеткен. Ақтөбе маслихатының биылғы 8 сәуірдегі шешіміне сай бұл орындарда салтанатты шаралар, пикет, бейбіт шерулер өткізуге болады.

XS
SM
MD
LG