Accessibility links

"Республика" порталы жабылды


Kazakhstan-respublika newspaper
Kazakhstan-respublika newspaper

Қазақстандағы "Республика" оппозициялық порталы өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы редакция өкілдері порталдың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Редакция өз мәлімдемесінде интернет порталдың жабылуына техникалық, қаржылық және елдегі саяси жағдайлардың әсер еткенін жазған.

"Республика" 2000 жылы 18 мамырда газет ретінде шыға бастаған. Ал 2012 жылы сот шешімімен "Республика" газетінің Қазақстанда шығуына тыйым салынды. Кейін басылым сайт платформасына көшкенімен интернет портал Қазақстанда ашылмай қалған.

"Республика" тілшілері соңғы жылдары өз материалдарын Facebook әлеуметтік желісінде жариялап келген еді.

XS
SM
MD
LG