Accessibility links

Балиева: Қазақстанда 12 мың жағдайы нашар отбасы бар


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның айтуынша, ішкі істер органдарында 12 мыңға жуық жағдайы нашар отбасы тіркеуде тұр. Бұл отбасыларда 18-20 мың бала өмір сүріп жатыр.

Балиева Астанада өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің жабық мекемелеріндегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау симпозиумында «Қазақстанда 5,5 млн. бала бар. Бұл - ел халқының төрттен біріне тең. Алайда балалардың барлығы бірдей ата-анасының қамқорлығына бөленіп отырған жоқ. Балалар арасындағы қылмысты азайту үшін елде балаларды асырап алғысы келетін отбасыларға қолдау орталығын құру керек" деді.

Балиева өз баяндамасында жыл басынан бері Қазақстанда кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен 1539 қылмыс тіркеліп, 179 бала сотталғаны туралы дерек келтірді.

XS
SM
MD
LG